Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы облыс аудандары мен қалаларында террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларымен меншік иелерінің қатысуымен заңнамаға жоспардан тыс өзгерістер мен толықтыруларды , сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындау қажеттігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
2020 жылғы 13 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енгені белгілі, оған сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын реттеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Осы саладағы өзгерістерге сәйкес объектілердің әртүрлі санаттарына олардың салалық тиесілілігіне және қызмет бағытына қарай терроризмге қарсы қорғаудың белгілі бір талаптарын бекітуді көздейтін салалық тәсіл енгізіледі. Осыған байланысты, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Үкімет қаулыларының жобаларын әзірлеп, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізді (осы қаулымен ҚРҮ 03.04.2015 жылғы №191 қаулысы күшін жоюға қойылады) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі №191 қаулысы
«Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» (осы қаулымен 28.08.2013 жылғы №876 ҚРҮ қаулысы күшін жоюға қойылады).
Атап айтқанда, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның (10-3-бап) талаптарына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері, меншік нысанына қарамастан меншік иелеріне, иеленушілеріне, басшыларына немесе өзге де лауазымды адамдарға жүктелген — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған адамдар жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілік және 100-ден 1 мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл белгіленген.
Сонымен қатар, ҚЭК қызметкерлері тұрақты негізде ТТО объектілерінің персоналына террористік қауіп жағдайында өзін-өзі ұстау қағидаларын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




