102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады

26 марта, 2021
0
Түркістан облысының полицейлері автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады

Мақтаарал АПБ-нің кезекші бөліміне түнгі сағат 03:00 шамасында «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, құрбысының үйіне қонаққа барған. Содан соң үйіне қайтпақ болып, «Daewoo Matiz» маркалы автокөлігін қыздыру мақсатында іске қосып, өзі үйге кіріп кеткен. Осы сәтті пайдаланған күдікті азамат көлікті айдап, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеді.
Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына толық құрамда шығып, жедел-тергеу амалдарын бастап кетті. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін, қажетті барлық шаралар атқарылды. Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде, Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды құрықтады. Осылайша оны ПБ-не жеткізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында анықталғандай, мас халдегі күдікті ер адам қараусыз тұрған автокөлікті көріп, оңай жолмен ақша табу арам ойы туындаған. Содан соң көлікті айдап, 1 шақырым жерде тұратын анасының үйіне алып барған. Алайда көп ұзамай полицейлердің құрығына түскен.
Түркістан облысының полицейлері көлік ұрлығының алдын алу мақсатында, тұрғындарға ұрлықтан сақтану үшін көліктерін бейнекамералармен жарықтанған автотұрақтарға қою керектігін, ал автокөліктерге қажетті құжаттарды, үй кілтін, бағалы заттарды қысқа уақытқа болса да тастап кетуге болмайтынын ескертеді. Егер де, сіз, қандайда бір қылмыстық оқиғаның немесе ұрлықтың куәгері, құрбаны болсаңыз, полицияның «102» нөміріне жедел түрде қоңырау шалыңыз.

ShareTweetPin
Next Post
Наурыз мерекесі қарсаңында бірнеше тұрғын құжаттанды

Наурыз мерекесі қарсаңында бірнеше тұрғын құжаттанды

Полицейлер «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық  іс-шарасы барысында жеңгетайлық дерегін  анықтады

Полицейлер "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жеңгетайлық дерегін анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым