102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Мереке қарсаңында 80-ге жуық шенді арулар марапатталды

9 марта, 2021
0
Мереке қарсаңында 80-ге жуық шенді арулар марапатталды

Шуақ шашқан көктем мерекесі «8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні» қарсаңында, Түркістан облысы Полиция департаментінде қызмет атқаратын полицей қыз-келіншектерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков әйелдерді мерекемен құттықтай отырып: «Құрметті полицей арулар, Сіздер, қиын да қауіпті салада қаймықпастан абыройлы қызмет атқарып келесіздер. Осы батыл әрекеттеріңізді, жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Жауапкершілікті жіті сезініп, ер азаматтармен қатар қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда мінсіз қызмет үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Мерекелеріңізбен»»-деп шынайы алғысын жеткізді. Карантин талабы сақтала отырып өткізілген шарада, 80-ге жуық полицей қыздардың еңбектері еленіп, қуанышқа бөленді.
Атап айтсақ, Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты және өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен полиция майоры Айгүл Құдайбергенова марапатталса, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісімен полиция майоры Іңкәр Қошқарова, полиция капитаны Ақнұр Бекбутаева, полиция капитаны Жанна Орынбаева, полиция аға лейтенанттары Ақнұр Шырынбекова мен Майра Елемесовалар марапатталды. Сондай-ақ ҚР ІІМ-нің Грамотасымен ішкі аудит тобының бас маманы Ләззат Перменова және тағы осы бұйрықпен 6 қызметкерге Алғыс жарияланды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оған қоса, облыс әкімі Шөкеевтің де марапаттары тиісті білікті қызметкерлерге жеткізілді. Нақтырақ айтсақ, еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Түркістан облысы әкімінің грамотасымен полиция полковнигі Салтанат Бегімбайқызы, полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызы, округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрайымы Ляззат Қалматаева марапатталды. Ал, облыс әкімінің Алғыс хатымен полиция подполковнигі Жанар Қалабаева, полиция капитаны Айгерім Төрегелдиева, «Емханасы бар Госпитальдың» ауруларды қарау жөніндегі санитары Нағима Омарова марапатталды.
Одан бөлек мереке қарсаңында, өздерінің міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасымен сарапшы-психиатр Шолпан Қасымбаева, іс-жүргізуші инспектор Адель Амантайқызы, дәл осындай марапатпен тағы 23 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар осы бұйрықпен 29 қызметкерге Алғыс жарияланып, 1 қызметкердің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды.
Иә, бүгінде шенді арулар, Полиция департаментінің барлық бөлімшелерінде қызмет атқарады. Олардың ішінде тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер, жедел уәкілдер, ювеналдық полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары бар. Олардың әрқайсысы өз қызметінің нағыз мықтылары десек қателеспейміз. Ендеше, қоғамдық қауіпсіздікті және тұрғындардың тыныштығын сақтауды қамтамасыз етіп жүрген полицейлерді, жұлдыздарыңыз жанып, тек биіктен көрініңіздер демекпіз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Полицейлер есірткі сатушыдан марихуана мен «синтетикалық есірткіні» тәркіледі

Полицейлер есірткі сатушыдан марихуана мен "синтетикалық есірткіні" тәркіледі

Аруларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды

Аруларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым