102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Полицей ару Әйгерім – РһD докторы

4 марта, 2021
0
Полицей ару Әйгерім – РһD докторы

8 наурыз — Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында, өздеріңізге ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген полицей арудың бірі және бірегейі жайлы ақпарат ұсынбақпыз. Жаны нәзік болса да, ерлермен қатар иық тіресіп, полицейлер қатарында жүрген білікті де білімді тәртіп сақшысының бірі — полиция капитаны Әйгерім Төрегелдиева. Ол 1983 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Бала кезінен полицей болуды армандаған. Яғни, күнделікті форма киіп жұмысқа шығатын әкесін көріп өскен кішкентай қыз, соған қарап еліктеген. Бүгінде бала қиялы шындыққа айналып, Әйгерім шенділер қатарында осынау мәртебелі қызметтің жауапкершілігін сезініп, үдесінен шығып жүр — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы жолда білімге құмар кейіпкеріміз, алдына мақсат қояды. Арманмен алға қадам басады. Инемен құдық қазғандай білім қуады. Содан 11-сыныпты бітіргеннен кейін, туған қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ-дің заң факультетіне оқуға түседі. Жоғары оқу орнын 2004 жылы тәмамдап, алғашқы еңбек жолын осы университеттің оқу бөлімінде бастайды. 2007-2009 жылдар аралығында аталған университеттің магистратурасын бітіріп, құқық магистрі академиялық дәрежесін алған. Бұдан кейін 2012-2015 жылдар аралығында магистр оқытушысы қызметін атқарады. Осы жылдарда заң факультетінің докторантурасында оқыған ол, бүгінде РһD докторы ғылыми дәрежесін алған жан. Ал, ішкі істер саласындағы қызметіне 2015 жылы кіреді. Қиын да қауіпті саладағы қызметі мен отбасын қатар алып жүрген сақшы Әйгерім бүгінде бір ұл, бір қызды тәрбиелеп отырған аяулы ана.
Полиция капитаны Ә.Төрегелдиева өз сөзінде: «Уақытымның көп бөлігі жұмыста өтеді. Халықтың амандығы мен тыныш ұйқылары үшін күнделікті қызметтеміз. Өзіме бекітілген аймақта әрбір тұрғынның хал-жағдайын, мәселесін біліп, көмек қажет кезде қолғабыс етуге тырысамын. Елдің ақ батасы мен сенімін көргеннен кейін қанат біткендей, жұмысымды мінсіз атқаруға құлшыныс артады. Өз жұмысымды жан-тәніммен қалап келгендіктен, маған онша қиынға соқпайды. Қайта осы саланың қыр-сырын меңгеріп, еліміздің қылмыссыз қоғам болуына өзімнің үлесімді қосып жүргенімді мақтан етемін. Барша қыз-келіншектерді, әріптестерімді мерекелерімен құттықтаймын. Көктемнің күніндей құлпырып жүре беріңіздер!»-деп, өзінің ой-пікірін білдіріп, әйелдер қауымын мерейлі күндерімен құттықтады.
Біз де, өз кезегімізде 6 жылдан бері Түркістан қалалық полиция басқармасы ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет етіп келе жатқан аруға сәттілік тілейміз. Антына адал, қызметін мінсіз атқаруға барын салатын Әйгерімге «биік белестерді бағындырып, генерал болыңыз» демекпіз. Айтпақшы, әке жолын жалғаған қыздың соңынан ерген інісі де осы саланың қызметкері. Бүгінде Төрегелдиевтер әулетінде үрдіске айналған бұл шенді қызметтің жауапкершілігі шынымен ауыр. Соны қайыспай көтеріп, ілгері қарай қарыштай қадам басқан отбасының жауапкершілігі, оның ішінде Әйгерімдей жаны нәзік қыз баланың қайсарлығы көрген жанды тәнті етпей қоймайды. Ендеше, сөз соңында Әйгерімге артыңыздан ергендерге үлгі болып, ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқара беріңіз дейміз!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысы полицейлерінің сабағына 33 000-нан астам оқушы қатысты

Түркістан облысы полицейлерінің сабағына 33 000-нан астам оқушы қатысты

Мереке қарсаңында 80-ге жуық шенді арулар марапатталды

Мереке қарсаңында 80-ге жуық шенді арулар марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым