Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын хабарласқан. Онда заңсыз букмеркерлік кеңсенің жұмыс жасап жатқаны жайлы көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеді.
Хабар алысымен полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел түрде шықты. Ол жерді жіті бақылап, заңға қайшы келетін заттар болуы мүмкін екені ескерілді. Сондай-ақ ойынханадан 6 дана процессор, 1 дана чек шығаратын кассалық аппарат айғақты зат ретінде тәркіленіп алынып, сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар сарыағаштық полицейлер ойынхана иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы» бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шара көрілуі үшін СЭББ-ге жолданды.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға және кәсіпкерлерге карантин талаптарын, яғни бетперделік режим мен арақашықтықты сақтауды, әсіресе заңсыз ойынханалар ашып, жастардың санасын улауға жол бермеуді ескертеді.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




