102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері заңсыз аңшылықпен айналысқандарды анықтап, жауапқа тартты

9 февраля, 2021
0
Түркістан облысының полицейлері заңсыз аңшылықпен айналысқандарды анықтап, жауапқа тартты

Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері табиғатты қорғаумен оған залал келтірушілерді анықтау мақсатында, тұрақты рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді. Осы мақсатта жүргізілген жұмыс барысында полицейлер 2021 жылдың ақпан айында бірнеше заңсыздықтардың жолын кесті.
Мәселен, Келес АПБ ЖПҚ Табиғатты қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Жанболат Сапарбаев, күндізгі сағат 15:30 шамасында Сырдария өзені бойында заңсыз аңшылықпен айналысып жүрген үш ер адамды байқайды. Олардың үшеуі де Мақтаарал ауданының тұрғындары болып шықты. Тәртіп сақшысы олардың қаруларын тексеру кезінде заңды тіркелгені белгілі болды. Алайда ешқайсысының аңшылық жасауға рұқсат қағаздары болмаған. Осыған байланысты күдікті 3 ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы «Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидалаларын бұзу» бойынша хаттама толтырылып, 5 АЕК айыппұл салынды.
Одан бөлек, полицейлер кешкі сағат 17:00 шамасында Ақтөбе ауылдық округінің батыс жағынан ағып өтетін Сырдария өзені бойында тіркелмеген аңшылық қаруын алып жүрген жергілікті тұрғынды анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттары Келес аудандық сотына жолдануда — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, профилактикалық іс-шара кезінде заңсыз балық аулаушылар да анықталды. Яғни 3 жергілікті тұрғын қармақпен заңсыз балық аулап жүрген. Үшеуіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
Өз кезегінде полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға кеңес береді. Браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары тағы да Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының табиғатын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғауға шақырады.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқы үйірін қайтарды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқы үйірін қайтарды

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ауланған балықтарды тасымалдаған тұрғынды  ұстады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ауланған балықтарды тасымалдаған тұрғынды ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым