Отырар АПБ ЖПҚ УПИ қызметкерлері рейд жүргізу барысында жолдан шығып батпаққа батып тұрған көлікті көреді. Белгілі болғандай, түнгі уақытта жолға шыққан жүргізуші тұманда адасып қалған. Осыдан соң полиция қызметкерлері бірден әрекет етіп, көліктің жанына тоқтап, оған көмек береді. Небары аз ғана уақыттың ішінде батпақта тығылып тұрған автокөлікті шығарады — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларының адал қызметтеріне тәнті болып, өз алғысын айтты. «Менің жолда көлігім тығылып қалған еді. Осы келеңсіз жағдай да Отырар АПБ-ның полиция қызметкерлері автокөлігімді сүйреп, межелі жеріме алып барды. Тәртіп сақшыларына өз алғысымды айтамын! Жолдары болсын жігіттердің!».
Сондықтан тәртіп сақшылары, алдағы уақытта да тұрғындардың тыныштығы үшін, түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау үшін талмай еңбек етіп, амандықтарын сақтауда алғы шепте тұрмақ.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі|




