102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Учаскелік полиция инспекторы тереңдігі 12 метрлік құбырға түсіп кеткен баланы құтқарды

4 февраля, 2021
0
Учаскелік полиция инспекторы тереңдігі 12 метрлік  құбырға түсіп кеткен баланы құтқарды

Түркістан облысының полицейлері қашанда қиналғанның жанынан табылып, қолдау көрсету бағытында қызмет етіп келеді. Жақынын жоғалтқандар мен мал-мүлкін ұрлатқандарды қуантып, жоғып тауып беруде. Тіпті келеңсіз оқиғаларға тап болғандардың құтқарушысына айналды. Бұл сөзімізге дәлел ретінде, біз сіздерге күнделікті тұрғындарымыздың шынайы алғыстарын көрсетіп келеміз. Осы орайда тағы бір жайтты тілге тиек етсек. Бұл жолы Ордабасы АПБ қызметкерлері кәсіби шеберліктерінің арқасында жас баланың өмірін сақтап қалды.
Нақтырақ айтсақ, Ордабасы АПБ-ға кешкі сағат 20:30 шамасында кішкентай бала хабарласып, ағасына көмектесулерін сұрайды. Хабарлама алысымен осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы әрекетке көшеді. Ойын толық жеткізе алмаса да баламен тілдесіп, қандай да бір мәлімет алуға тырысады. Дегенмен өзіне бекітілген аумақтың ой-шұқырын толық білетінінің арқасында, полицей аз уақыттың ішінде баланың айтқан жерін топшылап жетеді. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшысы 12 жасар жас баланың ескі фирманың су жиналатын құбырына түсіп кеткенін анықтайды. Содан
Бадам ауылының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Сәкен Сайланов кызметтiк мiндетіне жоғары жауапкершiлiкпен қарап, қырағылық танытып, бірден жас баланы шығаруға кіріседі. Қайнар ауылының сыртында орналасқан бұл құбырдың тереңдiгi 10 метрден асады. Осыған орай полицей әріптестерін көмекке шақырып, өзі бала тұрған құбырға түседі. Жаурап тұрған балаға киімдерін кигізіп жылындырады. Осы аралықта басқа тәртіп сақшылары арқан әкеледі. Нәтижесінде бала аман-есен сыртқа шығарылады.
Белгілі болғандай, 12 жасар бала інісімен ойнап жүріп абайсызда аталған бетон шұнқырға түсiп кеткен. Өздігінен ары-бері шығамын деп бірнеше сағат талпынғанмен еш нәтиже шықпаған. Содан кейін інісіне полицияға хабарласуын сұраған. Оған қоса осы 2-3 сағат ішінде ойынға шыққан екі бірдей баласы жоқ болғаннан кейін ата-аналары, туыстары мен көршілері де іздеуге шыққан. Соңында балалар аман-сау күйінде отбасына қайтарылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде баласын тауып берген тәртіп сақшыларына ақ жаулықты ана ақжарма тілегін арнап, жұмыстарына табыс тіледі. «Аяқ асты орын алған келеңсіздікте баламды жалғыз қалдырмай, қолдаушы әрі құтқарушы болғандарыңызға мың алғыс! Әсіресе, учаскелік полицейіміз Сәкенге рақмет айтамын»,-деп шынайы ризашылығын білдірді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде жұмыс жасаған  бильярд ойынханасын анықтады

Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде жұмыс жасаған бильярд ойынханасын анықтады

Түркістан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 16 жайт анықталған

Түркістан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 16 жайт анықталған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым