102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 16 жайт анықталған

4 февраля, 2021
0
Түркістан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 16 жайт анықталған

Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен 2021 жылдың қаңтар айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 16 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде: есірткі сату 9, аса ірі көлемде есірткі сақтау 2, есірткі контрабандасы 4, есірткі өсімдігін заңсыз егіп-өсіру 1 жайт. Заңсыз айналымнан 10 келіден аса есірткі заты тәркіленді.
Мәселен, 29.01.2021 жылы Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, есірткі затын сатты деген күдікпен Сайрам ауданының тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде оның асханасындағы сөреден 1 дана полиэтилен пакетке оралған есірткі затына ұқсас зат тәркіленіп алынды. Қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 400 грамға жуық «марихуана» екені анықталды. Ұсталғанның бас шарасы қамауда. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабымен тіркеліп, тергеу амалдары жалғасуда.
Одан бөлек, полицейлер мен Шекара қызметінің қызметкерлері бірлесіп, «Марика» есімді қызметтік итті пайдалану арқылы есірткі затын тасымалдап жатыр деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады. Ол Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына қарай «Жібек жолы» шекара бекетінен өтпекші болған. Тексеру барысында оның қол сөмкесінен полиэтилен пакетке оралған салмағы 1 грамға жуық есірткі заты марихуана тәркіленіп алынды. Ал, «Линда» атты қызметтік иттің белгі беруінің нәтижесінде, «Жібек жолы» шекара бекетінен өткен Шымкент қаласының тұрғыны есірткі затын тасымалдап жатыр деген күдікпен ұсталды. Тексеру барысында оның шалбарының қалтасынан 1 дана пакетке оралған 240 грамнан астам есірткі заты «марихуана» тәркіленіп алынды.
Дәл осындай жайт Келес ауданында да тіркелді. Бұл жолы Өзбекстан Республикасының тұрғыны өзінің басқаруындағы жүк көлігімен есірткі затын тасымалдап жатыр деген күдікпен тоқтатылып, тексеру барысында күртешесінің сол қалтасынан полиэтилен пакетке оралған «марихуана» тәркіленіп алынды. Бас шарасы қамауда. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 286-бабымен тіркеліп, бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сондықтан Түркістан облысының полицейлері, есірткімен байланысты қылмыс жасағандарға, заңмен қатаң жазаға тарту көзделгенін, оның ішінде есірткі сату қылмыстары үшін 10 жылдан 15 жылға, есірткі заттарын сақтағаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі аралықта қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Сондай-ақ есірткі затын қолдану адам денсаулығына өте зиян екенін естен шығармаңыз. Бұл теріс әрекет болашағыңызға балта шабатынын ұмытпаңыз. Есірткімен күрес – болашаққа үлес!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Арыстық полицейлер жалғызбасты ананың алғысын алды

Арыстық полицейлер жалғызбасты ананың алғысын алды

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым