Қазақстан Республикасының ІІМ және Түркістан облысы ПД нұсқауына сәйкес осы жылдың ақпан айының 1-5 аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты — облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау. Сонымен қатар ҚР-на келу, ҚР-да болу, ҚР-нан кету ережелерін сақтау болып табылады
Аталған шара барысында Сарыағаш ауданында Өзбекстан Республикасының 5азаматы заңсыз жүргендері анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Өзбекстан Республикасының 5 азаматына Заңды шешім қабылдау үшін, әкімшілік істер Сарыағаш аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен өзге елдің 5 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылған — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




