Мемлекет басшысының 1-қыркүйек 2020 жылғы Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жоспарының 102 тармағындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты негізгі процестік шешімдерді қабылдау прокурорлармен келісу міндеттелген. Ол шешімдер:
1. Сотқа дейінгі тергеудің мерзімін үзу;
2. Іс жүргізуді тоқтату /қысқарту/;
3. Күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін дәрежелеу және қайта дәрежелеу;
4. Қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіту;
5. Бұйрықтық өндірісін қолдану туралы қаулыны бекіту.
Аталған 5 негізгі шешімдер тек электронды форматта түзіледі.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, Павлодар, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасы жүріп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Республика бойынша «онша ауыр емес» және «орташа» ауырлық санатындағы қылмыстық істер электронды форматта тергелді. Қазіргі таңда, «ауыр» санаттағы қылмыстық істер де электронды форматта тергеп-тексерілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
ТО ПД Тергеу басқармасына қылмыстық істерді электронды форматта тергеу бейтаныс дүние емес, алайда процесстік құжаттардың сапалы түзілуі өзекті мәселе болып отыр. Ал, процесстік құжаттардың сапалы түзілуіне жергілікті орындарда қала, аудан ПБ басшылары жауапты. Аудан басшыларының біліктілігін шыңдау мақсатында, Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтың бастамасымен Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов «сынақ» қабылдады.
Облыстың бас полицейі өз сөзінде: «Бүгінде Электронды қылмыстық іс» форматымен жұмыс жасаудың тиімділігіне толыққанды көз жеткізілген. Мұнда, тергеу мерзімін үнемдеу және тергеп-тексерудің жылдамдығы, процесстік шығынды азайту, тергеу сапасын жақсарту, тергеу барысында фальсификацияны жоққа шығару, қылмыстық іс-құжаттарға кез келген сәтте қолжетімділік, азаматтар мен полиция арасындағы айқын қарым-қатынас, бақылаудың арақашықтықта жасалып, кіріс, шығыстардың барлығы бірыңғай тіркеу журналына тіркеледі. Сондықтан, осы бағытта екі жылдан бері қызмет етіп келе жатқан басшы құрам бірінші кезекте тергеп-тексерудің сапасына көңіл бөлу керек. Бүгін, біз осы мәселені назарға алдық»,-деп атап өтті.
Қосымша айтып өтер жайт, Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстарды электронды түрде тіркеп, іс жүргізудегі жаңашылдықты игеруде белсенділік танытуда. Мәселен, 2019 жылы облыста 131 іс электронды түрде жүргізілсе, 2020 жылы 172 іс электронды форматта аяқталған.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




