102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері ішкі істер органы ардагерін 80 жасқа толуымен құттықтап қайтты

19 января, 2021
0
Түркістан облысының полицейлері ішкі істер органы ардагерін 80 жасқа толуымен құттықтап қайтты

Келес ауданының тұрғыны, ел қорғаны атанған, ішкі істер органының ардагері Халық Оразбаев ақсақалдың мерейлі 80 жасқа толуына орай, полицейлер оның қара шаңырағына арнайы барып, құттықтап қайтты. Келес аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Нұрғали Базарқұлов, Келес АПБ бастығының Кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Саттар Отыншиев зейнеткер полицейге басшылықтың арнайы құттықтауын, «Алғыс хатын» және сыйлықтарын табыс етті- деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Атап өтсек, Халық Оразбаев 1941 жылы дүниеге келген. 1963 жылы әскерге шақырту алып, Хабаровскте борышын өтеген. Осылайша 1966 жылы әскерден келген жас жігіт, жұмысқа араласа бастайды. 1970 жылы Келес аудандық полициясында Мемлекеттік автоинспекция қызметкері болып орналасады. Осында өзінің қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында абыройлы қызмет етеді. Келес, Сарыағаш, Шәуілдір аудандарында және облыстық МАИ қызметінде басшы лауазымдарын атқарған. Ширек ғасырдан астам ішкі істер саласында еңбек етіп, майор шенімен зейнетке шыққан. Қызмет атқару кезінде 40-қа жуық марапаттар мен бағалы сый-сыяпаттарға ие болған. Бүгінде зейнетінің бейнетін көріп отырған ақсақал 2 ұл, 9 қызды өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, рахатын көріп отыр. Олардан 38 немере, 5 шөбере сүйген бақытты жан.
Ол құттықтап келген полицейлерге үлкен алғысын білдіре отырып, қиын да қауіпті салада атқарған қызметінде орын алған шынайы оқиғалар туралы естеліктерін айтып өтті. Әрдайым жас буынға қызметке қажетті ақыл-кеңестерімен беріп, ізбасарларының шыңдалуына септігін тигізуге дайын екенін жеткізді.

ShareTweetPin
Next Post

Түркістан облысында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы 53,8 пайызға төмендеген

Карантин талабын сақтамаған жаяу жүргіншіден есірткі заты табылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым