102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы 53,8 пайызға төмендеген

19 января, 2021
0
Түркістан облысында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы 53,8 пайызға төмендеген

Қылмысқа қарсы күрес, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы жан-жақты ақпаратпен бөлісу үшін Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері атқарып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып өтсек. Соның ішінде «Ұрлық түбі – қорлық» екенін еске салып, өткен жылдағы бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сандарды сөйлетсек: Түркістан облысында кең тараған қылмыстардың бірі — бөтеннің мүлкін ұрлау. Дегенмен қуантарлығы тәртіп сақшыларының тынымсыз тірлігінің арқасында бұл қылмыс азайып келеді. Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруда мүдделі органдармен бірлесіп, кешенді іс-шаралар жүргізудің нәтижесінде, өткен жылы облыс бойынша өзгенің мүлікін жымқырудың тіркелуі 53,8 пайызға төмендеген. Мәселен, 2019 жылы бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 3639 ұрлық тіркелсе, 2020 жылы 1680 жайт тіркелген — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ал тіркелген ұрлықтардың басым бөлігі облыс орталығында болған. Осыған байланысты қылмыс жасауға бейім адамдар және бұрын шартты түрде сотты болғандармен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Еліміздегі Рухани Астана атауына ие болған Түркістан қаласы — адамдардың өмір сүруіне қолайлы, қоғамдық тәртіп орнаған, қылмысқа жол берілмейтін қала санатына кіруі үшін «Түркістан – қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асып келеді. Жобаның басты мақсаты – қылмыстың санын төмендету және оның жолын кесу.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрғындармен жиі кездесулер өткізіп, әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерді де ескерусіз қалдырмайтындықтарын жеткізуде. Осылайша, Полиция Департаментіндегілер нәтижені бұдан әрі жақсартамыз деген сенімде. Ол үшін тұрғындар тарапынан да өз мал-мүлкіне сақтықпен қарау ұсынылады. Бағалы заттарыңыз ұры-қарылардың қолына оңай түспесін десеңіз, барынша абай болыңыз деп кеңес береді. Қауіпсіздік шараларын ескеріңіз. Мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштардың көмегіне жүгініңіз деп ескертеді.

ShareTweetPin
Next Post

Карантин талабын сақтамаған жаяу жүргіншіден есірткі заты табылды

Сайрамдық полицейлер 5 жайтқа қатысы бар әккі ұрыны ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым