Мақтаарал АПБ-нің Көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Байбосын мен халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып жүріп тұруы қиын қарт әжелеріміздің мекенжайына барып жеке басын анықтайтын куәлігін табыс етті-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлер 92 жастағы Сұлу Аликулова мен 78 жастағы Әбділдә Айбала аналарымыздың үйіне барды. Олардың жеке куәлік алулары үшін, полицейлер фотосуретке түсіріп, құжаттарын рәсімдеп, қажетті шараларды атқарды. Осылайша куәліктер қысқа мерзімде әзірленіп қарияларға табысталды.
«Аудандық полиция бөлімінің басшыларына, Көші-қон қызметкерлеріне, халыққа қызмет көрсету орталықталығына алғысымызды айтамыз. Себебі, пандемия кезінде сақтық шараларын сақтап, ата-анамыздың жеке куәлігі үшін суретке үйден келіп түсіріп, жаңа куәліктерін рәсімдеп берді»-деді ұл-қыздары.
Атап өтетін жайт, Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі көмек көрсетіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да тәртіп сақшылары үнемі жалғастыра бермек.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




