102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында полицейлер мал ұрысын ұстап, ұрланған ешкілерді ауыл тұрғынына қайтарып берді

3 декабря, 2020
0
Түркістан облысында полицейлер мал ұрысын ұстап,  ұрланған ешкілерді ауыл тұрғынына қайтарып берді

Шардара АПБ-нің кезекші бөліміне ауыл тұрғынының бірі түнгі уақытта оның қорасынан белгісіз біреулер екі ешкісін ұрлап кеткені туралы арызданған. Зардап шеккен ауыл тұрғынына келтірілген шығынның жалпы көлемі 100 мың теңгеден астам. Полицейлер бұл жайтты СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеп, қылмысты ашуға бірден кірісті-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мал ұрыларын ұстауға АПБ-нің жедел-тергеу тобы мен учаскелік инспекторлар жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық жайылымдар мен аулаларды аралап, куәгерлерден сұрастырып, мал сататын базарларды, сондай-ақ ұрланған мүлікті тасымалдауы мүмкін деген көліктерді тексерді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шардара АПБ-нің қызметкерлері күдіктілерді «ізін суытпай» ұстады. Олар бұрын ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған жергілікті тұрғындар болып шықты. Тәртіп сақшылары заттай дәлел ретінде ұрланған ешкілерді тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта. Тергеу барысында аталмыш мал ұрлығынан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Шардара ауданының тұрғыны кәсіби шеберліктерін көрсетіп, мал ұрысын жедел ұстап, ұрланған малын қайтарған Шардара АПБ-нің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторларына үлкен алғыс білдірді.
Түркістан облысының полицейлері мал иелеріне сақ болуға және мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Шаруашылық аулалары мен қораларды сенімді қоршаумен нығайтып, аулаларды жақсы жарықпен жабдықтау қажет. Сондай-ақ, малға ен-таңба салдыруды ұмытпаңыз. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда дереу полицияға 102 телефоны бойынша хабарласу керек. Бұл өз кезегінде қылмысты «ізін суытпай» ашуға көмектеседі.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан  облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы  барысында  6500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында 6500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасаған қылмыстық топты анықтады

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасаған қылмыстық топты анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым