102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына қатысты қылмыстық істерді сотқа жолдады

29 ноября, 2020
0
Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына қатысты қылмыстық істерді сотқа жолдады

Бүгін брифингте Төлеби АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев Түркістан облысының 6 ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтарға қатысты тергеудің аяқталғаны туралы хабарлады:
«Төлеби АПБ тергеушілерінің іс жүргізуінде Түркістан облысының 6 ауданында мал ұрлаған екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдары болған. Мал ұрылары барлығы 58 жылқы мен 20 бас ірі қара малды ұрлап, жәбірленушілерге 40 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Екі жыл ішінде полиция бөліміне ондаған жәбірленуші арызданған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, белгісіз тұлғалар жайылымдар мен қора-жайлардан олардың жылқы, сиыр және қойларын жымқырған. Жергілікті тұрғындардың барлық өтініштері СДТБТ-ға ҚР ҚК 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркелді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жасалған қылмыстардың ауырлығын ескере отырып, мал ұрыларын ұстауға тәжірибелі жедел уәкілдер мен жергілікті полиция қызметкерлерінен тұратын арнайы топ құрылды. Күдіктілерді іздеуге Төлеби АПБ-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Түнгі рейдтер жүргізілді, жолдарда «тосқауылдар» орнатылды. Мал тасымалдаумен айналысатын автокөліктер мен үй жануарларын сойып, сататын орындар тексерілді. Жергілікті тұрғындар мен ықтимал куәгерлерден жауап алынып, базарлар мен басқа да мал өнімдерін сататын орындар қаралды.
Нәтижесінде біз, екі қылмыстық топтың ізіне түстік. Оларды ұстау күздің басында Сарыағаш, Төлеби аудандарында және тұрғылықты жері бойынша Шымкент қаласында жүргізілді. Алдымен 3 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды, олардың біреуі ұрланған малды сатып алушы. Күдіктілер аудан аумағында мал ұрлығының 5 жайтына қатысы бар болып шықты. Бір аптадан кейін 5 адамнан тұратын және облыстың 6 ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан екінші қылмыстық топ ұсталды. Мал ұрылары тек Төлеби ауданының өзінде 8 мал ұрлығын жасаған.
Тергеушілерге осы істерге қатысты дәлелдер базасын жинау үшін қажырлы және мұқият жұмыс қажет болды. Себебі, күдіктілердің көбісі бұрын сотталған, бірнеше рет мал ұрлығына барған әккі қылмыскерлер болды. Тергеу барысында бір қылмыстық топтың ұрланған малды ауыр жүк көлігімен алып кеткені анықталды. Ал екінші қылмыстық топ малды айдап әкетіп, өз аулаларында жасырған. Бүгінгі таңда 8 күдікті адам қамауда, олардың 5-еуі бұрын осындай қылмыстары үшін сотты болған. Олардың барлығы Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары. Сондай-ақ ұрланған малды сатып алушы 4 адам ұсталды. Бүгінде ұрланған 40-тан астам жылқы заңды иелеріне қайтарылды.
Қазіргі уақытта екі қылмыстық топқа қатысты айыптау актісімен сотқа дейінгі тергеу материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жолданды.»- деп қорытындылады полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болу және өз мүлкін немесе жайылып жүрген малын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ мүмкіндігінше малға ен-таңба салдырту қажет, ал қора-жайларын мықты қоршаумен және жарықпен қамтамасыз ету керек. Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полициядан көмек сұраңыз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Мақтааралдық полицейлер сауда орнынан киім ұрлаған күдіктілерді ұстады

Мақтааралдық полицейлер сауда орнынан киім ұрлаған күдіктілерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері такси жолаушысынан есірткі затын тапты

Түркістан облысының полицейлері такси жолаушысынан есірткі затын тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым