Сайрам АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Мектеп мұғалімінің айтуынша, белгісіз әйел оған аттестациядан өтуге көмектесемін деп уәде берген. Жәбірленуші азамат алаяққа 1,2 миллион теңгеден астам қаражат берген, бірақ ол сертификаттау нәтижелерін де, ақшаны да қайтармаған. Сайрам ауданының тұрғыны алданып қалғанын түсінген кезде полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, күдіктілерді іздеуге кірісті. Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде алаяқтықтың ізіне түсіп, күдіктіні ұстады. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылған жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті мектеп мұғаліміне сенім артып, сертификаттауға көмек көрсету үшін алаяқтық жолмен алдап ақшан алған, содан кейін ол өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтау үстінде. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




