Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол үйінде жүрген туысының белгісіз бағытқа шығып кеткенін, үш күнге дейін ешқандай туыстарының үйіне бармағанын және қайта оралмағанын көрсеткен. Өз беттерінше іздеуден нәтиже шықпағаннан соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайтқа байланысты Төлеби АПБ-нің учаскелік полиция қызметкері полиция капитаны Бағлан Арызбеков жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде бір тәулік ішінде жоғалған тұрғын табылып, отбасына қайтарылды.
Тергеу барысында анықталғандай ол үйінен мас халде шығып кетіп, адасып қалған. Содан оны полицейлер 15 шақырым жердегі Леңгір қаласына қарасты Аққұм ауылынан аман-есен тапқан.
Жоғалған азаматтың туыстары полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
« Белгісіз бағытта үйден шығып кеткен туыс ағамды тауып берген полиция қызметкерлеріне және учаскелік полиция қызметкері Бағланға алғысымды айтамын. Жұмыстарына сәттілік тілеймін!»- деп өз разылығын білдірді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




