102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында алғашқы шетелдік көлік 2 сағат ішінде тіркелді

23 января, 2023
0
Түркістан облысында алғашқы шетелдік көлік 2 сағат ішінде   тіркелді

Түркістан қаласында шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік тіркелді. Яғни Түркістан қаласының тұрғыны Оңғар Әлиев 1,5 жыл алдын Ресейден әкелген «Нексия» маркалы автокөлігін небары 2 сағат ішінде толық тексертуден өткізіп, қазақстандық нөмір алды.

Көлік жүргізушісі, Мемлекет басшысының осындай қолайлы жағдай жасағанына, халықты қолдағанына  алғысын білдірді.

Естеріңізге салсақ, бүгіннен бастап елімізде ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес шетелдік көліктерді заңдастырудың  бір реттік акциясы басталды. Осыған байланысты Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев, облыс орталығындағы автоЦонды аралап, ондағы қызметкерлердің дайындығын тексеріп шықты. Сонымен қатар шетелдік көлігін заңдастыру үшін келген тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция полковнигі Б.Айтпаев: «Акция жайлы естіген шетелдік көлігі бар тұрғындар автоЦондарға көптеп келуде. Алғашқы жұмыстар да басталды. Біз тұрған Түркістан қаласындағы авоЦонда 6 сектор жұмыс жасап тұр. Көлігін тіркегісі келген түркістандық Оңғар есімді жігіт, небары 2 сағат ішінде тексерулерден толық өтті. Арнайы мақұлдау туралы хабарлама алып, мемлекеттік нөмірді иеленіп, көлігін заңдастырды.

Осы орайда Автокөліктерді заңдастыруға жататын нақты шарттар белгіленгенін жеткізгім келеді. Бірінші шарт, 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек, одан әрі іздеуде болмауы қажет, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуы тиіс, кедендік тазартудан өту керек. Ал кедендік тазартудан Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерден әкелінген көліктер өтпейді. Бұл шара Түркістан облысы бойынша Түркістан қаласы, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарындағы АвтоЦондарда ұйымдастырылады. Осы жерлерге келіп, шетелдік көлігіңізді заңдастыруға толық мүмкіндігіңіз бар»-деп атап өтті.

Аталмыш акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өткізіледі. Көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін – 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 9 660 теңге мемлекеттік төлем жасау қажет. Содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын АвтоЦон қызметкеріне тапсырады. Тіркеу аяқталғаннан кейін автомобиль иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты және мемлекеттік нөмірлері беріледі.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктілерден қару-жарақ тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктілерден қару-жарақ тәркіледі

Шымкентте шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша жұмысты Қайсар Сұлтанбаев тексерді

Шымкентте шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша жұмысты Қайсар Сұлтанбаев тексерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым