Сайрам полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өзінің «Volvo» маркалы жүк көлігін алыс танысына жалға берген. Алайда танысы көлікті рұқсатсыз сатып жіберіп, ізін суытқан. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген залалдың көлемі 23 миллион теңге.
Тәртіп сақшылары жедел шаралардың нәтижесінде небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар жергілікті тұрғынды ұстады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.
Атқарылған жұмыстар барысында күдікті өз арам ойын іске асыру үшін жүк көлікті арзан бағада танысына сатып жіберген. Бүгінде күдікті орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.




