Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына арнап, зиянды есірткі тұтынудың және нашақорлықтың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Кезекті іс-шара Шымкент қаласындағы №7 мектеп-лицейінің қабырғасында жалғасты.
Оған Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков, осы білім ордасына бекітілген кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы және қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мамандары қатысты.
Сабақ барысында жоғарғы сынып оқушыларына зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.




