102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізген полицейлерге дәрігерлер алғыс айтты

16 ноября, 2022
0
Жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізген полицейлерге дәрігерлер алғыс айтты

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері талай тұрғындарға көмек қолын созып, кейбіреулерінің өмірін сақтап қалуда. Тіпті толғағы қысқан келіншекті перзентханаға уақтылы жеткізу үшін қызметтік көлікпен жол бастап, тез арада үлгертті.

Нақтырақ айтсақ, Кентау қаласына қарасты Құсшы ата елдімекенінде өздеріне бекітілген аумақты қарап, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Сабыр Абдунасиров пен полиция аға лейтенанты Нуриддин Әбілхайырды белгісіз көлік тоқтатады. Жүргізушімен тілдескен тәртіп сақшылары оларға көмек қажет екенін біліп, бірден іске кіріседі. Түркістан қаласына қарай қызметтік көліктерінің арнайы жарықшамдарын жағып, дауысзорайтқышты қолдану арқылы жолдағы кедергілерді ашып, дер кезінде жеткізеді.

Полицейлердің әрекетіне риза болған Созақ аудандық орталық емханасының акушері Дина Айтжанова: «Біздің Сая есімді жас келіншегіміз айы-күні жетіп, босанатын болды. Біздің міндетіміз жүкті келіншекті аман-есен облыстық №3 перинаталдық орталыққа жеткізу. Осы аралықта жедел жәрдем көлігіміз бұзылып, ауылдан басқа жеке көлікпен шықтық. Кентауға қарасты жолға жеткен кезімізде, кептеліске кезіктік. Жол бойында қызмет етіп тұрған полиция қызметкерін көріп, көмек сұрадық. Олар бірден бізге көмектесуге келісті. Соның нәтижесінде бірінші жүктілігі болған келіншекті перзентханаға аман-есен жеткізіп, қуанып тұрмыз»,-деп өз ризашылығын білдірді.

Кентаулық учаскелік полицейлер: «Жас әйелдің тез арада перзентханаға жету керектігін біліп, қызметтік көліктің дабылын қосып, жедел түрде перзентханаға жеткіздік. Ең бастысы бала аман-есен туылса болды. Полицей болғандықтан қашанда халыққа көмектесуге дайынбыз»-деп болған жайды баяндады.

Көріп отырғандарыңыздай, тәртіп сақшылары күні-түні қоғамның тыныштығын күзетіп, өзгелерге қорған болып, керек кезде қолдаушы да бола алады.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері жүргізушіден 20 келіден астам марихуана тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері жүргізушіден 20 келіден астам марихуана тәркіледі

Полицейлер жұмыс берушісінің қазандарын ұрлаған жас жігітті анықтады

Полицейлер жұмыс берушісінің қазандарын ұрлаған жас жігітті анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым