102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Әріптес келбеті

Шымкентте Республика күні қарсаңында қызметте ерекше көзге түскен 70-тен астам полицейдің анасы «Үздік офицердің анасы» медалімен марапатталды.

22 октября, 2022
0
Шымкентте Республика күні қарсаңында қызметте ерекше көзге түскен 70-тен астам полицейдің анасы «Үздік офицердің анасы» медалімен марапатталды.

Шымкент қаласы полиция департаментінде Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға департамент басшылығы, жеке құрам қызметкерлері, полицейлердің аналары мен №4 балалар үйінің басшысы қатысты.

Биыл ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Елдігіміз бен егемендігімізді білдіретін айтулы күн Парламентте бекітілді.

Өз кезегінде департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков жиынға қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады.

«Араға 13 жыл уақыт салып бейбіт күнде сіздермен бірге Республика күнін атап өту бақыты бұйырыпты. Ендеше осы сәтті пайдалана отырып, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан аңыз адам, милиция генерал-майоры Құлахмет Қалменовтің еңбегі жайында айта кеткен жөн. Ол ең қиын шақтарда оңтүстікте 12 жыл табандылықпен басшылық етті. Қазіргі таңда, қатарымызда аталған нар тұлғаның ізімен келе жатқан қырағы полицейлеріміз жетерлік. Біз олармен әрқашан мақтанамыз. Сонымен қатар, біздің жұмысымыздағы әрбір жетістіктің артында департаменттің жеке құрам қызметкерлерінің үлкен еңбегі жатқанын атап өткім келеді. Баршаңызға жанқиярлық еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, бақ-береке, денсаулық, қажырлы қызметте биік жеңістер тілеймін! », — деді Қ.Дәлбеков.

Мерекелік ізгі тілектің соңы, қызметте айрықша көзге түскен полицейлер мен олардың анасын марапаттау рәсіміне жалғасты.

Республика күнінің құрметіне қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 60-тан астам полиция қызметкері алғысқа бөленді.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция департаментінің 15 қызметкері марапатталды. Оның ішінде, полиция подполковнигі Сидоров Максимнің шені бір саты жоғарылады.

Департамент бастығының атынан барлығы 73 анаға «Үздік офицердің анасы» медалі тағайындалып, 10 полицейдің анасына генерал Қайрат Дәлбеков марапатты өз қолымен табыстады. Оның ішінде, №4 балалар үйінің директоры Нұрсәуле Тастыбаева бар. Қамқорлығындағы 3 тәрбиеленуші ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің курсанттары болып табылады.

Сондай-ақ, полиция лейтенанты Ақжан Алтынбек, полиция аға лейтенанты Ерлан Жанысбаев, полиция капитандары Батыйхан Пернебай мен Еламан Абдуалиев есімді батыр полицейлердің анасы, әлемдік полиция ойындарының бірнеше дүркін чемпиондары полиция майоры Ғалымжан Катбаев пен полиция капитаны Дамир Ташанов сынды спортшы-полицейлердің аналары арнайы медальмен марапатталды.

Мерекелік шара соңында эстрада әртістерінің қатысуымен концерт өтті. Олар өздерінің жан тебірентерлік шығармаларымен жиналғандарға жағымды көңіл-күй сыйлады.

ShareTweetPin
Next Post
Жасөспірімдер арасындағы  қылмыстарды  болдырмау мақсатында кездесу өткізілді

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында кездесу өткізілді

2  000 000 теңгенің малдарын  ұрлаған 46 жастағы  ер адам сотталды

2 000 000 теңгенің малдарын ұрлаған 46 жастағы ер адам сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым