Арыс АПБ-не бөтен мүлікті ұрлау туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, олар таныстарына барған кезде белгісіз біреулер оның үйіне кіріп, 3 ұялы телефон мен азық-түлік өнімін ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша Арыс АПБ СДТБТ-не тіркеген. Зардап шеккен адамға келтірілген зиянның жалпы көлемі шамамен 180 мың теңгені құрады-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс АПБ қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. Ол АПБ-не жеткізіліп, жәбірленушінің көршісі жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті ер адам өз ісін толық мойындап отыр. Айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған ұялы телефондар мен жәбірленушінің басқа заттары заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер істің барлық мән-жайын және ұрының басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және үйлерінің терезелері мен есіктерін ашық қалдырмауға кеңес береді. Ақша мен құнды заттар көзге көрінбейтін жерлерде сақтау керек. Дүкендерге, базарларға және адамдар көп жиналатын басқа жерлерге барған кезде телефондар мен ақшаны ішкі қалтаға салып, сөмкелерді жабық ұстау керек. Сондай-ақ, зұлымдардың назарын аудармау үшін қымбат ұялы телефондар мен әмияндарды көпшілікке көрсетпеңіз. Егер сіз біреудің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.




