Салықтық төлемдерін өндіру бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті, қалалық мемлекеттік кірістер департаменті және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы арасында ынтықмақтастық меморандумы түзілген-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған меморандумға сәйкес жұмысшы топ құрылып, қала аумағында жылжымалы бекеттерде салық төлеуден жалтарып жүрген тұлғалар бойынша рейдтік іс-шара атқарылуда.
22.10.2020 жылы іс-шара барысында жалпы 253 жеке тұлғалардың автокөліктері тоқтатылып тексерілді. Оның ішінде 14 автокөлік айыптұраққа жеткізілмей берешектері өз орнында өндіріліп, айыптұраққа автокөлік қойылмады.
«Жалпы іс-шара басталғалы 12 млн 820 мың 232 теңге жеке тұлғалардың берешегі мемлекет бюджетіне өндірілді. Ал 22.10.2020 жылы 1 млн 475 мың 835 теңге жеке тұлғалардың берегеші мемлекет қазынасына өндірілді»- дейді, Шымкент ҚПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы полиция подполковнигі Апентаев Мақсат.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі




