102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында жоғалған 15 жасар жасөспірім бауда жасырынып отырған жерінен табылды

6 сентября, 2022
0
Түркістан облысында жоғалған 15 жасар жасөспірім бауда  жасырынып отырған жерінен табылды

Төлеби аудандық полиция бөліміне 05.09.2022 жылы сағат  16:25  шамасында Тасарық ауылының тұрғыны көмек сұрап хабарласқан. Жас қыздың айтуынша, оның ағасының 15 жасар ұлы 1 күн алдын үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Осы хабарлама негізінде полиция бөлімнің ювеналды полиция тобының қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы бірден аталған мекенжайға жетті. Тәртіп сақшылары баланың көршілері мен сыныптастарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Тасарық, Оңтүстік,  Ханарық,  Қасқасу,  Майбұлақ,  Керегетас,  Көксәйек ауылдарында  полицейлерден бөлек, ауыл әкімдігі бастамасымен жергілікті тұрғындардан құрылған 40 адамнан тұратын еріктілер қосылып, іздестірді.

Осылайша бірнеше сағатқа созылған іздестіру нәтижесінде, жасөспірімнің  жүрген жері анықталды. Нақтырақ айтсақ, полиция майоры Мұрат Камалов, полиция аға лейтенанты Абай Кубеев,  полиция лейтенанты Самат Амиров пен еріктілердің үздіксіз іздестіруі оң нәтижеге жеткізді. Яғни жоғалған жасөспірім тұрғылықты үй жайынан 3 шақырым қашықтықтан,  туыс ағасының үлкен бауында шөптер арасында  жасырынып отырғаны анықталды. Жасөспірім заңды өкілдеріне аман-есен тапсырылды.

Өз кезегінде жасөспірімнің әжесі қуаныштан еріксіз көзіне жас алып:  «Төлеби аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне және де іздестіруге қатысқан барша тұрғындарға алғысымды айтамын! Әсіресе полиция қызметкерлерінің жұмысына риза болдым. Ойлаған едік, өзіміз іздеп табамыз деп. Содан  болмағасын полициядан жәрдем сұрадық. Міне, немерем қасымда. Баршаңызға Алла разы болсын!»-деп ризашылығын білдірді.

Анықталғандай, баланың ата-анасы ажырасқан. Ал жасөспірім әжесімен бірге тұрады. Жоғалар күні жасөспірім мен отбасы арасында түсінбеушілік орын алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

 

ShareTweetPin
Next Post
Келіспеушіліктен болған кісі өлімі қылмысы дер кезінде ашылды

Келіспеушіліктен болған кісі өлімі қылмысы дер кезінде ашылды

Деструктивті діни ағым ұстанушысынан қару тәркіледі

Шымкентте «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 4 құқықбұзушылық анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым