Полиция — мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Полиция — әрқашан мемлекеттің тірегі, әділеттілік пен тәртіптің айнасы, еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі болуы қажет.

Қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік көрсеткіштерге қол жеткізген Шымкент қаласы Полиция департаментінің 30 қызметкері — Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен марапатталды. Сондай-ақ 96 тәртіп сақшысы — Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының алғыс хатына ие болды.
30 тамыз – ҚР Конституция күніне арналған іс-шараға департамент басшыларымен жеке құрам қатысты.
Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Арман Бейсенбаев баяндама жасап, Конституция- егемендігіміздің, елдігіміздің жарқын айғағы екенін атап өтті.
Мерекелік жиын өз қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған бірқатар тәртіп сақшысын арнайы марапаттау рәсімімен жалғасты.
Атап өтер болсақ, ҚР Ішкі істер министрінің атынан «Құрмет грамотасын» Айдауыл қызметі взводының полиция аға сержанты Әмит Думан иеленді. «ІІО-ның үздік қызметі үшін» төс белгісін Әл-Фараби АПБ кезекші бөлімінің бастығы полиция майоры Тілеубергенов Нұрболат пен ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің аға инспекторы Усманова Нодира алды.
Сондай-ақ, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың 4 қызметкері Нұр-Сұлтан қаласында Ішкі істер министрінің қолынан «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальін алды. Олар қылмыспен күресу жолында ғана емес, қоғамдық жұмыстарға да белсене ат салысып, спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізген.
Өз кезегінде, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев Шымкент қаласы ПД-нің бастығының бұйрығымен 96 қызметкерге алғыс хаттар, құрмет грамоталарын және төс белгілерін табыстады.




