102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейі Нұрқанат — әлемдік жарыста топ жарып, алтын алды

2 августа, 2022
0
Түркістан облысының полицейі Нұрқанат — әлемдік жарыста топ жарып, алтын алды

Ағымдағы жылдың шілде айының соңғы 10 күнінде Нидерланд мемлекеті Роттердам қаласында Әлем бойынша полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында спорттық жарыс өткізілді. Сайысқа 97 мемлекеттен кіл мықтылар, яғни 300 000 спортшы қатысты.

Оның ішінде Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрқанат Утешов те бар. Аталған Түркістанның мақтанышы, «Бақ шаба ма, бап шаба ма?», — дегендей, бағы мен бабы келісіп, нағыз мықты екенін дәлелдеді. Бүкіл әлемдегі полицейлер арасында дараланып, алға оза шықты. Спортшы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат, 90 келі салмақта Армрестлинг қол күрес түрінен күш сынасып, берілген санаулы уақыт ішінде қарсыластарынан айла-тәсілін асырып, жеңіске жетті. Оң қолымен 5 қарсыласпен күресіп, 5-еуін де жеңіп, бас жүлде «Алтын алқаны» иемденді. Сол қолы бойынша жүлделі ІІ-орынды алды. Осылайша Созақ ауданының тумасы, ішкі істер саласында 2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Нұрқанат Беркінбайұлы, елге алтын және күміс алқамен оралды.

Жастайынан спортпен шұғылданған полиция аға лейтенанты Нұрқанат, қол күресімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Жетістіктері де аз емес, тіпті Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы деген атақтарын иеленген. Отбасылы, көпбалалы әке. Бүгінде жұбайы екеуі 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Осы ретте Әлем бойынша полицейлер арасында жүзден жүйрік атанған жеңімпаз Нұрқанат Утешовқа, әрдайым осылай спортта жеңіс тұғырынан көрініп, қызметінде генерал шеніне дейін жетуіне тілегімізді білдіреміз!                     Жалпы, күштік құрылым қызметкерлері арасында өткен спорттық сайыстың негізгі мақсаты – полицейлер мен өрт сөндірушілердің спорттық шеберлігі мен дайындығын нығайту. Спортқа бейім қызметкерлердің арасында спортты одан ары дамытып, күрес дағдыларын жетілдіру, достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

 

ShareTweetPin
Next Post
Мақтааралдық полицейлер жыл басынан бері жалпы 1630 құқықбұзушылықты анықтады

Мақтааралдық полицейлер жыл басынан бері жалпы 1630 құқықбұзушылықты анықтады

13 жастағы қызды зорламақшы болған ер адамды ұстап, құтқарып қалған тұрғынға полицейлер алғыс айтты

13 жастағы қызды зорламақшы болған ер адамды ұстап, құтқарып қалған тұрғынға полицейлер алғыс айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым