102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Өмірде де, қызметте де әкесінің ізбасарына айналған Қуаныш

24 июня, 2022
0
Өмірде де, қызметте де әкесінің ізбасарына айналған Қуаныш

Полицей деген атқа кір келтірмей, антынан айнымай сертінен таймай ішкі істер саласында абыройлы қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің ішінде биік белестерді бағындырып жүргендердің бірі Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының жұмысын қадағалау және ұйымдастыру тобының инспекторы полиция капитаны Қуаныш Құрманғазыұлы Екузаев. Ол – әкесінің өмірде де, қызметте де ізбасары. Қуаныш Маңғыстау облысында дүниеге келіп, Түркістан облысы Жетісай қаласында орта білім алып, одан Қостанай қаласындағы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы академиясының түлегі атанды.  Әкесі Құрманғазы Тоқтыбаев қаншама жыл ішкі тыныштықты сақтауда тыңғылықты жұмыстар атқарып, өзінің халыққа жақын полицей екенін дәлелдеп, учаскелік полиция инспекторы лауазымымен, полиция майоры шенімен атына кір келтірмей  2015 жылы зейнетке шыққан. Бір айта кетерлігі Қуаныш  дәл осы жылы құқық қорғау саласындағы қызметін Жамбыл облысындағы ЖД-158/1 түзету мекемесінде тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы болып, тәжірибе жинақтап бастады.

—           Қызметтің сан-қырын біліп, үйренген артық етпейді. Дегенмен мен бала кезден қызығып, еліктеп өскен тұлға әкем болатын. Сол кісідей боламын деп алдыма мақсат та қойдым. Сөйтіп көп ұзамай Түркістан облысы ПД Мақтарал АПБ ЖПҚБ-де әкем қызмет атқарып зейнеткер атанған учаскелік полиция инспекторы лауазымына тағайындалдым.  Міне содан бастап жұмысқа деген құлшыныс артып, қызметке деген жауапкершілік күшейе түсті. Халықпен  жақын қарым-қатынаста болып, олардың сеніміне селкеу түсірмей,  қоғам тыныштығы үшін барынша адал қызметімді жасадым. Өйткені менің мойнымда екі бірдей міндет тұрды. Бірінші-қазақ полициясының беделіне ешқандай нұқсан келтірмеу, екінші-сертінен таймай, елге деген адалдығын танытып кеткен әкемнің абыройына дақ түсірмеу.

Осындай үлкен жауапкершілікті сезініп, өзіне жүктелген тапсырманы тиянақты орындап жүрген капитанның еңбегіде елеусіз қалған жоқ. Ол үздіктер қатарынан көрініп,  ІІ-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен наградталған. Бұған қоса 10 жыл еңбек өтіліне орай «Ішкі істер органындағы мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері де атанған. ІІМ-нен, облыстан алған грамота мен алғыс хаттары да жетерлік. Бүгінгі таңда Қуаныш 4 балаға әке атанған отбасының тірегі, қорғаны. Оның ішінде әлі жасқа толмаған егіз қызы көз қуанышына айналып отырғанын айта кеткен жөн. Жас капитан келешек әкесінен басталған бұл эстафетаны балалары жалғастырып жатса, нұр үстіне нұр болары айдан анық. Алайда бәрі уақыттың еншісінде, әркімнің өз таңдауы бар екені де белгілі.  Ендеше қызметке деген адалдығы мен елге деген құрметі шексіз 28 жасар полицейдің қызметіне абырой, жұмысына сәттілік, отбасына бақыт тілейміз!

ShareTweetPin
Next Post
Полицейлер көршісінің  1 500 000 теңгеге жуық алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицейлер көршісінің 1 500 000 теңгеге жуық алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицейлер жалған нөмір тағып алған көлік жүргізушісін анықтады

Полицейлер жалған нөмір тағып алған көлік жүргізушісін анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым