102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

«Қазақстан Полициясының 30 жылдығы» мерекесіне орай 1000-ға тарта түрлі сала қызметкерлері мен полицейлер марапатталды

24 июня, 2022
0
«Қазақстан Полициясының 30 жылдығы» мерекесіне орай 1000-ға тарта түрлі сала қызметкерлері мен полицейлер марапатталды

Қазақ елі өткен жылы сән-салтанатымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтсе, биылғы жылы Қазақстан Полициясының 30 жылдығы мерекесі келіп жетті. Осынау айтулы күнде Түркістан облысы Полиция департаменті «Полиция күнін» жоғары деңгейде ұйымдастырып, мейрам жасады. Іс-шара Түркістан қаласындағы көркі көз сүйсіндірер, заманауи үлгіде салынған конгресс-холл ғимаратында өтті. Жиынға Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, отставкадағы полиция генерал-майоры Асқар Оспанов, Шымкент қалалық ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, ішкі істер органының ардагерлері, облыс әкімдігінің басшылығы мен жеке құрам қатысты.

Жиналған құрметті қонақтарға бірінші кезекте Түркістан облысы Полиция департаментінің өмірі бейнеленген фотосурет пен полицейлердің қызметі мен ерлігі жазылып, жарыққа шыққан  газет-журналдардың көрмесі ұсынылды.

Сахна шымылдығы мерекелік бейнероликпен бастау алып, ҚР Мемлекеттік туы құрметпен кіргізілді. Әнұран шырқалып, жиынға қатысушылар ПД-де қызмет етіп, жұмыс барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына бас иіп, тағзым етті.

Ал алғашқы құттықтау сөзді Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Арман Жетпісбай алды. Сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев те өзінің құттықтауын арнап,  полицейлерді марапаттады. Одан әрі құттықтау сөзін ТО ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов алып, халықтың тыныштығы үшін қызмет етіп, күндіз-түні еңбек етсе де шаршамайтын ПД-нің полицейлеріне ыстық лебізін білдірді.

«Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері! Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, арамызда ақыл кеңестеріңізді аямай, қоғамның дамуына және жас мамандардың жұмысына үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Арамызда аман есен жүріңіздер, күш қуаттарыңыз сарқылмасын! Еліміздің қорғандары! Еңбектеріңіз ел алдында елене берсін! Қызметте сәттілік пен абырой тілеймін. Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай! Халық пен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімінен шығу үшін, бар күш жігерімізді салайық. Осы тұста, жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетпек ниеттеміз. Марапаттарыңыз құтты болсын!», — деп ақжарма тілегін жаудырды.

ҚР ІІМ-нен арнайы келген 37 түрлі санаттағы марапаттар өз иелеріне салтанатты түрде табыс етілді. Түркістан облысы ПД басшылығы тарапынан жазылған грамота, алғыс хат, 30 жылдық төсбелгілер өз иелеріне үлестірілді. Департамент бастығының бұйрығымен жеке құрам қызметкерлеріне 40 грамота, 56 алғыс хат, 20 алғыс жарияланды. Осылайша өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек етіп, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге қошемет көрсетілді. Айтулы іс-шара соңында еңбегі еленіп, марапатқа ие болған тәртіп сақшылары өздерінің шынайы алғыстарын жеткізіп, бұл марапаттар — алдағы жұмыстарына жаңа серпін беретінін айтып өтті.

Сонымен қатар мерекелік құттықтау сөзін ҚР ІІО Құрметті ардагері Асқар Оспанов, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, отставкадағы полиция полковнигі Жеткерген Сүйіпбергенов,  отставкадағы полиция полковнигі Әлімхан Абжанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов жалғап, ыстық ықыластарын білдірді.

Сахна төріне Жұбаныш Жексенұлы, Еркін Нұржанов, Заттыбек Көпбосынұлы сынды эстрада жұлдыздары мен облыстың өнер майталмандары шығып, ән шырқап, жиналғандарға мың бұралған бишілер биін тарту етті. Арнайы генералдар үшін «Генералдар» әні шырқалып, бейнефильм көрсетілді. Іс-шара соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты

ShareTweetPin
Next Post
Полиция күнінде дүниеге келген   аға лейтенант

Полиция күнінде дүниеге келген аға лейтенант

Ел есінде қалған көрме

Ел есінде қалған көрме

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым