102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Полицейлер «Есірткісіз болашақ» тақырыбында ауқымды акция өткізді

27 мая, 2022
0
Полицейлер «Есірткісіз болашақ» тақырыбында ауқымды акция өткізді

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс әкімдігімен бірлесе отырып, «Есірткісіз болашақ» тақырыбында ауқымы кең акция ұйымдастырды.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов пен жеке құрам, Түркістан облысының білім, ішкі саясат, ақпараттандыру өкілдері және  жастар қатысты.                                                                Облыс орталығында  өткен іс-шараның негізгі мақсаты-халықаралық есірткіге қарсы акция өткізу, жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту. Өскелең ұрпақты спортпен және туризммен белсенді айналысуға шақыру, сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.                                            Аталған маңызы зор жиынды облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов ашып, жастарға мықты денсаулық пен сәттілік тіледі. Сондай-ақ полиция полковнигі Қ.Сахов өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселелеріне көп көңіл бөледі. Соның ішінде біздің тарапымыздан есірткіге қарсы іс-шараларды үнемі  өткізіп отырамыз. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ-сіздердің қолдарыңызда! Сол себепті тек жақсылық әрекеттерге, жарқын болашаққа ұмтылайық!»-деп атап өтті.                       Одан әрі акцияға қатысушылар таңертеңгілік жаттығулар өткізіп, салауатты өмір салтын және есірткіні қолданудың зияны туралы ұрандармен «Есірткісіз болашақ» атты  флешмоб ұйымдастырды.                                                                                                                                         Содан кейін спортшы-велосипедшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орталық стадионға салтанатты түрде алып шықты. Мұнда іс-шара би ұжымдарының, каратэшілердің, боксшылардың, балуандардың және басқа да балалар спорт және көркемөнер ұжымдарының салауатты өмір салтына арналған қойылымдарымен жалғасты. Концерттік бағдарламамен облыс орталығының эстрада әншілері де өнер көрсетті.                            Өз кезегінде, жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері өздерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдыларын көрсетті, ал кинологиялық қызметтің кинологтары қызметтік-іздестіру иттерінің өнерін көрсетті. Сондай-ақ полицейлер жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және есірткіге байланысты қылмыстардың салдары туралы айтты.                                                                                                                                                               Акция соңында Түркістан облысының полицейлері жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақырып, естелік суретке түсті.

ShareTweetPin
Next Post
Полицейлер тұрғын үйден бағалы тон ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицейлер тұрғын үйден бағалы тон ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицейлер көлігіне жалған нөмір тағып алған жүргізушіні жауапқа тартты

Полицейлер көлігіне жалған нөмір тағып алған жүргізушіні жауапқа тартты

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым