102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Полицейлер жанармай құю бекетінің мүліктерін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

23 мая, 2022
0
Полицейлер жанармай құю бекетінің  мүліктерін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, «Кентау-Хантағы» тас жолы бойындағы жанармай құю бекетіндегі терезелерге орнатылған темір қоршаулар мен темір есіктерін белгісіз біреудің жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу үшін, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде осы қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы бар Кентау қаласының тұрғыны ұсталды.

Белгілі болғандай күдікті ер адам аталған жанармай құю бекетіне жақын маңда орналасқан өзге жанармай бекетінің жұмысшысы болып шықты. Ұсталған азамат мұндай әрекетке ақша керек болып барғанын айтты. Ғимараттың қараусыз тұрғанын аңғарып жүрген ол, түнгі уақытта терезе сыртындағы 4 дана темір қоршау мен 4 дана темір есігін қолымен бұзып, жымқырып кеткен. Ал ертесіне қолды қылған заттарын темір қабылдайтын орынға алып барып өткізіп жіберген. Күдікті бұрын сотты болған. Қазіргі таңда оған қатысты «Ұрлық»  бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

ShareTweetPin
Next Post
Полицейлер жоғалған жылқыларды тауып, иесіне қайтарды

Полицейлер жоғалған жылқыларды тауып, иесіне қайтарды

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде елге заңсыз кірген шетелдік азамат ұсталды

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде елге заңсыз кірген шетелдік азамат ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым