102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының бас полицейі өткен жылды қорытындылап, халыққа онлайн режимде есеп берді

30 марта, 2022
0
Түркістан облысының бас полицейі өткен жылды қорытындылап, халыққа онлайн режимде есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қазақстан халқына арналған «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғыру» Жолдауындағы тапсырмаларды орындау және сервистік полиция моделін енгізу аясында Түркістан облысы Полиция департаментінде онлайн форматта халықпен есептік кездесу болып өтті.

Яғни, бүгін  Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, 2021 жылда жеке құраммен атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Ең алғаш есептік жиында былтырғы жылы атқарылған жұмыстар бойынша бейнеролик көрсетілді.  Одан кейін облыстың бас полицейі баяндама жасады. Ең алдымен қызметке тағайындалған сәттен бастап жылы шыраймен қабылдаған облыс тұрғындарына алғыс айтқан генерал М.Қабденов: «Өткен жылы облыста онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар саны 2869-ды құрап, 11,0%-ке төмендеді. Бөтен мүлікті ұрлау қылмыстары 26,4%-ке азайып, ашылуы 61,8%-ке көтерілді. Пәтер ұрлығы 17,2%-ке, мал ұрлығына байланысты қылмыстар 16,3%-ке азайды. Аса ауыр қылмыстардың ашылымы 96,6%-ке жоғарылады.                       Полицейлермен үнемі есірткінің зияны жайлы сабақтар өткізіліп, брошюралар таратылып, билбордтар ілінуде. Брифингтер өтуде. Соның нәтижесінде 2021 жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 409 дерек тіркеліп, 5 тонна 506 килограмм есірткі заттары алынды. Аса қауіпті саналатын есірткінің синтетикалық түрін сақтаған 10 адам ұсталды. 187 сайтқа «Кибернадзор» бағдарламасы арқылы шектеу қойылып, бұғатталды .Оған қоса Есірткі түрлерін жарнамалаған 2 тұлға анықталып, оларға қатысты ҚК-нің  299-1-бабымен  қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау шаралары да біздің назардан тыс қалып жатқан жоқ. Десек те, жыл ішінде 712 жол-көлік оқиғасы болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,7% -ке аз. Ал осы өкінішті жайттардың салдарынан 319 адам қаза тауып, 743 адам жарақат алған. 1 жыл ішінже 710 мың 330 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде жол қозғалысы  бойынша – 611 мың 546 құқықбұзушылық. Ал көлікті мас күйде басқарған 1037 жүргізуші анықталды. Облыс көлемінде біздің бақылауымызда 56 бейнекамера мен 70 фиксатор бар. Олардың көмегімен 281 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды»-деп атап өтті.

Сонымен қатар полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, алаяқтық қылмысының өзектілігіне, яғни бұл қылмыстың тіркелуі 2 есеге көбейгенін жеткізді. Және облыс тұрғындарын алаяқтарға алданбауға, өзіне ғана белгілі құпия деректерін ешкімге айтпауға кеңес берді.  Өздеріңізге белгілі ТО ПД басшысы М.Талапұлы, қызметке тағайындалған сәттен сервистік полиция моделін енгізу бойынша жұмысты қолға алды. Осыны байқаған түркістандық тұрғын есеп беру кезінде азаматтарды қабылдау бөлмесіне келіп, осы тақырып аясында сұрағын қойды. Яғни Түркістан қаласының тұрғыны Әсел Бейсенбекқызы есімді тұрғын, жалпы сервистік полицияны құрудағы оның мақсаты, маңыздылығы, тиімділігі туралы айтып беруін өтінді. Ал генерал М.Қабденов «Мұндағы негізгі мақсат – полицияның халыққа қолжетімділігін, жұртқа жақындығын, ашықтығын қамтамасыз ету екендігіне тоқталды.

Онлайн режимде өткізілген есеп беру жиыны ТО ПД-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде жүргізілді. Өз кезегінде 500-ден астам тұрғын өздерінің ұсыныс-пікірлерін, сауалдарын жолдады. Соның арасында қала тұрғыны Гүлмира Баймұратова «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық» турасында сұрағын қойды. Бұл бойынша ТО ПД бастығының бірінші орынбасары А.Сейдуалиев: «Аталған қылмыс өткен жылы 4,8 пайызға өсті Сондықтан осы жылы отбасындағы зорлық әрекеттерін азайту шаралары атқарылуда. Кешегі Президентіміздің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру» атты Жолдауында қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдануы айтылды. Демек бұл ретте, біз отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтармен күресуіміз тоқтамайды және жұмыс күшейтілді» -деп жауап берді.              Оған қоса тікелей эфир арқылы кадр, тергеу, әкімшілік полиция, жергілікті полиция саласына қатысты жүздеген сұрақтар қойылды. Сауалдардың басым көпшілігіне сол арада нақты жауаптар берілсе, кейбіріне жазбаша түрде жауап қайтарылатын болды.

Есеп беру соңында облыстың бас полицейі М.Қабденов: «Жалпы Түркістан облысында криминогендік жағдай тұрақты. Қылмыс саны ең аз аймақ! Осы орайда сіздерге полицейлер атынан алғысымды білдіремін. Қоғамдық қауіпсіздік пен сіздердің тыныш ұйқыларыңыз үшін, жеке құраммен бірге шаршамай қызмет атқарамыз. Және полицияға қатысты арыз-шағымыңыз болса есігіміз ашық, келіңіз. Болмаса әлеуметтік желідегі менің жеке парақшама жазыңыз. Мен өз тарапымнан қылмысты азайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жұмыстарды атқаруда барымды саламын»-деп өзінің ризашылығын жеткізді.

 

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысында Ресей Федерациясы жүк көлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды

Түркістан облысында Ресей Федерациясы жүк көлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды

Полицейлер  жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Полицейлер жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым