Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын сақтау, қадағалау мақсатында профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Тәртіп сақшылар осындай кезекті шара барысында, Сарыағаш қаласы Исмайлов көшесінің бойында түнгі сағат 02:30 шамасында жарық шамын жақпай келе жатқан «Равон Р-3» маркалы автокөлікті тоқтатады. Содан оны тексеру барысында сыртқы киімінің қалтасынан пакетке оралған хош иісі бар зат шыққан. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлер жүргізушінің қалтасынан шыққан өзіндік хош иісі бар затқа сараптама тағайындап, қорытындысына сәйкес кептірілген марихуана болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі қолданып, сатумен айналысу, өсіру, сақтаудың соңы заң алдында қылмыстық жауапқа тартылумен аяқталатынын ескертеді. Сол себепті, жасалған әр қылмыстың жазасыз қалмайтынын естен шығармайық!




