Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреулер тұрғын-үйінің темір есігін сындырып кіру арқылы ұрлыққа түскенін жеткізді. Ер адамның айтуынша, үйінен әрқайсысының құны 18 000 теңге тұратын 6 дана жылытқыш батареялары мен 100 000 теңге тұратын пеш, құны 30 000 теңге болатын тоңазытқыш маторы жымқырылған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 000 теңгеден асады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында полицейлер жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде осы іске қатысты Кентау қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.
Белгілі болғандай, күдікті оңай жолмен пайда табу мақсатында, ешкім жоқ, кіруге оңай тұрғын-үйге ұрлыққа түскен. Ұрланған жылыту құрылғыларын темір қабылдайтын орынға 15 мың теңге шамасындағы ақшаға өткізіп кеткен. Сондай-ақ күдіктінің жалпы осындай ұрлық қылмысының 4 жайтына қатысы бар анықталды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын миллионға жуықтады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мүліктерін қауіпсіздік орындарда сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, өзіңіздің шаруашылық аулаларыңызды және ұйымдардың аумақтарын сенімді қоршаумен қоршап, бейнебақылау камерасы және күзет дабылын орнату қажет. Егер, сіз, ұрлықтың немесе басқа да қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.




