102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында түркістандық 70-ке тарта полиция қызметкері марапатталды

15 декабря, 2021
0
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында түркістандық 70-ке тарта полиция қызметкері марапатталды

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 30 жыл, айтулы дата. Осы жыл аралығында елімізде елеулі өзгерістер орын алды. Экономикамыз өркендеп, мемлекетіміз алға дамып келеді. Жаңадан құрылған Түркістан облысының өзінде сан түрлі зәулім ғимараттар саны артып, көркеюде. Бұл ретте барлық сала өз жетістігімен мақтанатындай дәрежеге жетті деп те айта аламыз. Оның ішінде Қазақстан полициясы, яғни тәртіп сақшылары ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға аянбай еңбек етумен келеді. Қаншама сақшы ерлік істерімен көзге түсіп, ел алдында марапатталды. Бұл өз кезегінде Тәуелсіз еліміздің тәртіп сақшыларының елмен бірге жоғарыға қарай ұмтылып, өсіп келе жатқандығын көрсетеді.

Мерейі үстем мереке қарсаңында, Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен ауқымды іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары  Ұлан Қалмұханұлы Тәжібаев, ішкі істер органдары ардагерлері мен жеке құрам қатысты. Мейрамға арналған жиынның шымылдығын, осынау 30 жыл қарсаңында облыс полицейлерінің жеткен жетістіктері мен қызметтері көрсетілген фильм ашты. Одан ары ТО ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков өзінің құттықтау сөзімен жалғастырды. Облыстың бас полицейі баяндамасында, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін, Елбасы мен Президенттің басшылығымен жасалған қоғамдық тұрақтылық пен өркендеудің бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған саяси және әлеуметтік реформалардың жүзеге асырылуы, ІІО-ның сервистік модельге көшуі, «Жұртқа жақын полиция қағидаты» бағдарламаларының арқасында еліміздің өркендеп отырғанын тілге тиек етті. Және қызмет бабында қаза болған полицейлердің есімі ешқашан ұмытылмайтынын айтқан генерал, олардың жұбайларына мерекелік тарту жасап, сый-сияпаттар үлестірді. Сондай-ақ еліміздің құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан тәртіп сақшыларына тиісті марапаттарын ұсынды.

Әскери және қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде белсенділік танытқандары үшін «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен полиция полковниктері Сейітжомарт Сейітхан, Нұрмахан Жалғасов, Ұлықбек Мылтықов, Ержан Бекмұратов, Салтанат Қаракөзовалар марапатталды. Мерекеге орай өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция подполковнигі Нұржан Әбдіхалықов кезектен тыс полиция полковнигі шенін алды. Ал «Бір саты жоғары полиция полковнигі» арнаулы атағы Нұржан Мутаевқа, «Бір саты жоғары полиция подполковнигі» полиция майоры Амид Абиловқа берілді. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция капитаны Қуаныш Түймебеков марапатталды. Одан бөлек ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төс белгісімен 5 қызметкер, ҚР ІІМ-нің «Грамотасымен» 3 қызметкер, ІІМ-нің «Алғыс хатымен» 14 қызметкерге алғыс жарияланды. «ҚР Құрметті азаматы» атағына ие болған Оспанғазы Жанқожаев, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін «Облысқа сіңген еңбегі үшін» медалімен полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков, полиция подполковнигі Есенғали Бейсебаевтар марапатталды. Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің грамота, алғыс хаттарымен 8 полиция қызметкері марапатталды. Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен 2 қызметкер марапатқа ие болды. Сондай-ақ ТО ПД-нің «Грамотасымен» 2 қызметкер, «Алғыс хатымен» 21 қызметкерге алғыс жарияланды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Салтанатты жиын соңы облыстық эстрада жұлдыздары мен өнерлі полицейлердің мерекелік концертімен жалғасты.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістанда  келіннің атын жамылып,   алаяқтық жолмен есепшотына ақша аудартып алған ер азамат анықталды

Түркістанда келіннің атын жамылып, алаяқтық жолмен есепшотына ақша аудартып алған ер азамат анықталды

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындардан қару мен есірткі тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындардан қару мен есірткі тәркіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым