Кентау ҚПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданған. Ол азаматтың айтуынша, өзінің танысы 20 миллион теңге несие алып беремін деп, алаяқтық жолмен 150 000 теңге ақшасын алған. Келісілген уақытта хабар келмеген соң, өзі сұрамақ болып қоңырау шалған. Алайда, ол азаматтан ешқандай жауап болмаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Орын алған алаяқтық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Полицейлер аталмыш күдіктіні қалалық полиция бөліміне жеткізді.
Анықталғандай, күдікті ер азамат жәбірленушінің сырттай танысы 1 ай ішінде 20 миллион несие алып беретінін айтып сендірген. Осылайша күдікті пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жібергені белгілі болды. Қазіргі таңда ұсталған ер азаматқа қатысты тергеу амалдары жүруде.
Түркістан облысы полицейлері облыс тұрғындарына кез келген жанға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Азаматтарға әртүрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуды ұсынады.




