Ордабасы ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра ішімдік ішіп, көлік басқарған 2 бірдей жүргізушіні анықтады— деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі. Полицейлер түнгі сағат 01:50 шамасында «Газ-3102» және «Ваз-210740» маркалы автокөліктерді жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Тексеру кезінде полицей, жүргізушілердің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Тәртіп сақшысы аталған жайттарды нақтылау үшін, медициналық сараптама тағайындады. Куәландыру қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушілерінің масаң халі белгілі болды. Сондай-ақ көлік иесінің көлік басқару құқығының мүлде жоқтығы анықталды. Көлік жүргізу куәлігінің жоқтығына қарамастан, мас халде автокөлік басқарған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар Ордабасы аудандық сотына жолданды. Бүгінгі таңда сот жүргізушілерге қатысты 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарды. Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет.




