102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында жайылымнан жылқы ұрлап сатқан күдікті қамауға алынды

11 октября, 2021
0
Түркістан облысында жайылымнан жылқы ұрлап сатқан күдікті қамауға алынды

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда қараусыз жайылып жүрген жылқысы мен құлынын белгісіз біреу ұрлап кетіп, миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Аталған жайтты полицейлер бірден ҚК 188-1-бабы, яғни «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алып, іздестіру жұмыстарына кірісті. Арадан 1 аптаға жуық уақыт өткенде полицияға тағы бір тұрғын хабарласып, өзінің 300 000 теңге тұратын жылқысы жайылымнан жымқырылғанын жеткізеді. Орын алған қылмыстардың ұқсастығын алға тартқан полицейлер, екі қылмыстық істі бір адам жасауы мүмкін екеніне күдіктенеді. Осы мал ұрлығы қылмыстарын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында келестік қырағы полицейлерден жедел-терегу тобы құрылды.
Полицейлер көрген-білгендерден жауап алып, жақын аумақтарды тыңғылықты қарап шықты. Мал базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексерді. Жан-жақты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, ұрланған жылқының бірі мал базарда сатылып тұрған жерінен анықталды. Малды сатып тұрған адамнан сұрастыру барысында күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол Келес ауданының мал бағумен айналысатын тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша жас жігіт қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тексеру барысында күдікті ер азаматтың жоғарыдағы екі мал ұрлығына да қатысы бары белгілі болды. Ол жылқылардың жайылымда қараусыз жүргенін пайдаланып айдап әкетіп, өзінің қорасына жасырған. Содан мал сатумен айналысатындарға арзан бағаға сатып жіберген. Түскен ақшаны бас пайдасына жұмсаған.
Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болып, малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Шаруашылық аулалар мен қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтып, құлыптар мен жарық орнату қажет. Сондай-ақ үй малына ен-таңба салдырып, бақташы жалдау керек. Егер, сіз, мал ұрлығының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

ТО ПД баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Тұрғынның мотороллерін заңсыз айдап кеткен күдікті ізін суытпай ұсталды

Тұрғынның мотороллерін заңсыз айдап кеткен күдікті ізін суытпай ұсталды

Түркістан облысының полицейлері алаяқтықтың 2 жайтын әшкереледі

Түркістан облысының полицейлері алаяқтықтың 2 жайтын әшкереледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым