102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Мерейлі «майорлар» отбасы

10 октября, 2021
0
Мерейлі «майорлар» отбасы

Жетісайлық Салтөреевтер отбасын көпшілік форма киіп, шен таққан мерейлі «майорлар» отбасы деп біледі. Аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы қызметін атқаратын Азамат қалтқысыз қызметімен әрдайым халықтың алғысын алуда. Ал, жұбайы Дина Ювеналдық полиция тобының абыройлы қызметкері.
Қос жұптың отау құрғандарына биыл 10 жылға жуық уақыт болған. «Біз қызмет бабында жүріп таныстық. Табыстық. Отау құрып, отбасылы болдық. Бүгінде екі перзент сүйіп отырмыз – дейді отағасы.
Полиция майоры Азамат Салтөреев Жетісай ауданының тумасы. 2011 жылы Семей заң колледжін бітіріп келген соң қызметін Мақтаарал ауданында учаскелік полиция инспекторы болып бастаған. Бір жылдан соң Жетісай ауданындағы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі Ювеналдық полиция тобына ауысқан. Ал, биылдан бастап учаскелік полиция инспекторы қызметіне тағайындалды.
— Аумағымда 2500-ге жуық халық бар. Мектеп, колледж, тойхана, дүкен секілді өзге де коммерциялық нысандар орналасқан. Таңертең жиналыстан шыққан соң, көшені аралап халықтың жағдайымен танысамыз. Профилактикалық жұмыстарды атқарамыз. Қазіргі кезде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізудеміз. Әрбір үйді аралап, мәліметтерді электронддық базаға ендіріп жатырмыз. Халықта жақсы таниды. Суреттеріміз халық көп жүретін қоғамдық орындарда ілулі тұр – дейді ол.
Ал, жұбайы ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция майоры Дина Әубәкірова да Жетісай ауданының тұрғыны. Тіпті жолдасымен бір мектепте оқығанмен, бұрын бір-бірін мүлдем кезіктірмепті.
— Біз полиция бөлімінде тәжірибеде жүрген кезде таныстық. Қазір үлгілі отбасының бірі болып отырмыз. Аллаға шүкіршілік айтамын. Әрі, жағдайымды түсініп, өзімнің таңдаған саламда қызмет етуге мүмкіндік беріп отырған отбасыма алғысымды білдіремін – дейді ол.
Қос майор қызметке бірге барады. Бірге түстеніп, кешкісін де қызметтен бірге қайтады. Рейдтерге де бірге шығып, қоғамдық тыныштықты күзетуде де қалтқысыз еңбегімен көрініп келеді.
Жалпы Азамат Салтөреевтің полиция мамандығын таңдауға әкесі Сағадат себепкер болыпты. Капитан шенінде зейнетке шыққан әкесі әрдайым ұлына кеңес беріп, қолдап отырған. Тәулік талғамай халыққа қызмет еткенін өзіне үлгі тұтқан ұлыда «Өскенде әкем секілді полиция боламын» деп алдына мақсат қояды.
— Әке жолын жалғап, абыройлы қызмет ету мен үшін үлкен абырой. Қазір екінші ұлым Шахадат та ата-анам сияқты полиция қызметкері боламын деп айтып жүр. Әрине, тәртіп сақшысы болу оңай емес. Уақытпен санаспай жұмыс істеуіңе тура келеді. Бірақ адам өзі мамандығын жүрек қалауымен таңдаса, кез-келген қиындықты жеңе біледі әрі жетістікке де жетеді деп айта алар едім. Сондықтан ұлымның таңдауына менде қолдау білдіремін,- дейді Азамат Салтөреев.

ShareTweetPin
Next Post
Браконьерлерден қоян мен қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың етін (ұшасын) тәркіледі

Браконьерлерден қоян мен қызыл кітапқа енген қарақұйрықтың етін (ұшасын) тәркіледі

Туысының жиһаздарын жымқырған ер азаматты  ұстады

Туысының жиһаздарын жымқырған ер азаматты ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым