Түркістан облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыс пен күрес және қылмыстық жазалар мен әкімшілік жазалауды орындау мақсатында жедел профилактикалық іс-шаралар жиі жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы орайда Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері «Азаматтарды қабылдау» бөлімінде «Ашық есік» күнін өткізді. Бұл шараға Бәйдібек АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Жан Мамыров, «Шаян» апталық газетінің редакторы Ұлан Абзалұлы, «Алғабас» газетінің жауапты хатшысы Жамашева Эльмира және полиция ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.
Аталған жиын барысында аудан көлемінде құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмысты болдырмау, қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында полицейлердің бүгінге күнге дейін атқарған жұмыстарына тоқталды.
Сондай-ақ жиынға қатысушылар статистикалық деректерге сүйеніп, былтырғы және биылғы жұмыс нәтижелерін талқылады. Соған сәйкес биылғы жедел профилактикалық іс-шараларын жиі жүргізу нәтижесінде қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылық жәйттарының өткен жылға қарағанда біршама төмендегенін баяндады.
ТО ПД баспасөз қызметі




