102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

«Жасөспірім» іс-шарасы барысында 849 құқықбұзушылықты анықтады

20 сентября, 2021
0
«Жасөспірім» іс-шарасы барысында 849 құқықбұзушылықты анықтады

Ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек күндері аралығында Түркістан облысының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға, түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдерді анықтауға және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде карантин кезінде санитарлық нормалардың талаптарын сақтай отырып, көшелерде, аулаларда және жастар көп жиналатын жерлерде түнгі рейдтер өткізу үшін бірнеше мобильдік топтар құрылды. Жалпы облыс көлемінде 750-ге жуық полиция қызметкерлері аталмыш шараны өткізуге жұмылдырылды.
Яғни 1 аптада «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция басқарма, бөлімдеріне түнгі уақытта жүрген 850-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.
Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында орын алған 849 құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуының 787 жайтын тіркеді. Сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған 9 бала балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Осылайша ювеналды полицейлер 22 жасөспірімнің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы «кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған 78 ата-ана есепке қойылды. Бұл ата-аналар енді полиция қызметкерлерінің бақылауында болады.
Мысалы, Сарыағаш ауданында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер қоғам және мүдделі орган өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларға шықты. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Сарыағаш АПБ ювеналды полиция қызметкерлері түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің еріп жүруінсіз жүрген 32 кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі «кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы» бойынша ескерту жасалды.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде құқықбұзушылыққа бейім 3 кәмелетке толмаған жасөспірімді профилактикалық есепке алды. Полицейлер жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен түрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екендігі туралы профилактикалық, түсіндіру әңгімелерін өткізді және ересектерге балаларды әсіресе түнгі уақытта үйден тыс жерлерге жібермеуге шақырды.
Қосымша айта кетер жайт, облыс полицейлері аталмыш іс-шара барысында құқықтық тақырыпта 1000-нан астам дәрістер мен әңгімелесулер өткізді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан қаласы Полиция басқармасының жас қызметкерлері ардагер полицейлермен  кездесті

Түркістан қаласы Полиция басқармасының жас қызметкерлері ардагер полицейлермен кездесті

Түркістан облысында 520 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысында 520 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым