Елімізде автокөлік саны жыл сайын артып келеді. Соған орай жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер тарапынан түсіндірме жұмыстары жиі-жиі жүргізілуде.
Осындай мақсатта Жетісай АПБ бастығы полиция полковнигі Ермахан Абдрамановтың тапсырмасымен жеке құрам және ӘПБ қызметкерлері жол бойында тексерісті күшейтіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудан аумағында жыл басынан бері жол-көлік оқиғасы бойынша 22 жайт тіркелген болатын. Ал мұндай оқиғалар жүргізуші әрекетінен немесе әрекетсіздігінен орын алады. Тапсырмаға сәйкес полиция қызметкерлері әрбір жүргізушінің кәсіби сауатын арттыру мақсатында, оларға жол жүру ережесінің негізгі қағидалары мен апатты жағдайдың алдын алу жолдарын түсіндірді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ жол бойындағы жарнама тақталарына көлік басқарушыларға арналған билбордтар ілініп, жүргізушілердің әрқайсысына жеке түсіндірме парақтары таратылды.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




