Бәйдібек ауданы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын,алу ,үй-жайларды аралап ,ондағы тұрғындар жөнінде ақпарат жинау,экстремизм мен терроризм көріністерін болдырмау үшін қатаң бақылау жасау, азаматтық қару иелерін тексеру және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған болатын.Осыған орай жергілікті полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары белсенді жұмыстар атқаруда.
Қыркүйек айының 1-і күні басталған іс-шараны өткізуге аудан бойынша 16 полиция қызметкері жұмылдырылып ,1 апта ішінде 577 тұрғын үйді аралап, 18 шаруақожалыққа тексеру жұмыстарын жүргізді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ұсақ бұзақылықтар,белгіленбеген жерде сауда жасау,қоғамдық орындарды ластау және ҚР-да тіркеусіз тұру сынды құқықбұзушылықтар анықталып ,жалпы саны 205 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған іс-шара желтоқсан айының 1-не дейін жалғасады
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




