Ордабасы аудандық полиция бөлімі ЖПҚ учаскелік полиция инпекторлары «Учаске» іс-шарасы барысында Ақбұлақ ауылының орталық көшелерінің бірінде күдік тудырған жаяу жүргінші азаматты тоқтатады. Содан ордабасылық полицейлер тексеру барысында орта жастағы азаматтың оң жақ қалтасынан ақ түсті қағазға оралған хош иісті заттың бары анықталды.
Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі шамамен 6 грамға жуық «марихуана» болып шықты. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Егер сіз осындай қылмыстардың куәсі болсаңыз, тез арада 102 нөміріне қоңырау шалыңыз
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




