Түркістан облысының полицейлері есірткіге қатысты қылмысты болдырмау, оған тосқауыл қою мен алдын алу барысында сан түрлі жедел шараларды, басқосулар мен арнайы дәрістерді өткізіп келеді.
Бұл жолы Түркістан облысы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен халық көп шоғырланған жерлердегі адамдарға, дәріхана қызметкерлеріне арнайы жаднама қағазы таратылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап. Күдікті қамауға алынды.
Яғни бүгінде психотропты заттың бір түрі – трамадолдың кеңінен таралып жатқаны белгілі. Сондықтан трамадолдың қолданылуын азайту мен болдырмау және басқа да тұрғындардың өміріне қауіптілігін түсіндіру мақсатында Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға 1000-ға жуық арнайы жаднама таратты. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің айтуынша бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.
Өз кезегінде есірткіге қарсы күресті күшейткен облыс полицейлері өз өмірлеріңіздің саулығы, амандығы мен салауатты өмір салтын ұстану үшін есірткі, оның түрлері мен психотропты заттарды қолданбауға шақырады.
Адамның денсаулығына аса қауіпті мұндай заттар туралы барлығымыз жақындарымызға, туыс-туғандарымызға трамадолдың зияндылығы туралы ескертіп, барынша білген мәліметтермен бөліссек, нұр үстіне нұр болмақ.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




