102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Шардара су қоймасында браконьерлікпен айналысқан ерлі-зайыптылар мен екі жергілікті тұрғын 6 және 7 жылға сотталды

1 июля, 2021
0
Шардара су қоймасында браконьерлікпен айналысқан ерлі-зайыптылар мен екі жергілікті тұрғын 6 және 7 жылға сотталды

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жазында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД жедел уәкілдері Шардара су қоймасында бірнеше жыл жұмыс істеген браконьерлердің қылмыстық тобын ұстаған болатын. Содан кейін ұсталғандарды тінту кезінде күдіктілерден 13 қайық пен балық аулау құралдары, екі тоннаға жуық жаңа ауланған және ысталған балық тәркіленді. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын 8 миллион теңгеден асты.
Бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» және ҚР ҚК-нің 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қылмыстық істі тергеумен облыстық полицияның тәжірибелі тергеушілерінің бірі полиция майоры Алтынай Жолымбекова айналысты.
-Үш күдікті ер адамды бірден сот қамауға алды, ал қалған 7-еуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. — дейді аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Алтынай Жолымбекова.
— Осы іс маған тапсырылып, тергеуді жүргізе бастағанымда көбісі іс сотқа жетпейді деп сенімсіздік танытты, ал күдіктілер олардың браконьерлік деректерге қатыстылығын дәлелдей алмайтынымды бір ауыздан айтып, еңсемді түсірмекші болды. Алайда мен бұл іске әдеттегідей білек сыбана кірістім. Ешбір ұсақ дәлелді назардан тыс қалдырмадым. Оларды біртіндеп жинап, саралап отырдым. Сарапшыларға балық аулау құралдарын апарып, бірнеше рет тиянақтап тексерттім. Бағыма орай мен көлікті жақсы айдаймын. Соның да көмегі көп тиді. Яғни мен күдіктілерден тәркіленген ауды (балық аулайтын тор) жүксалғышқа салып алдым. Оның салмағы шамамен 30 келі. Торды Жетісай қаласынан Шымкент қаласына дейін 3 рет апарып, 3 рет сараптамадан өткіздім. Екі аумақтың ара қашықтығы шамамен 250 шақырым. Оған қоса жауап алушыларды беттестірдім, сұрақ-жауаптар алдым және тағы да басқа түрлі тергеу әрекеттері болды. Әрине мұндай жұмыс өз кезегінде біршама уақытты талап етеді. Тергеу 3 айдан астам уақыт бойы жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық іс 23 томды, оның ішінде 4 000 парақты құрады. Бұл тек 10 адамға арналған бір іс. Сондықтан айтар едім, тергеудің өзіндік есепке алына бермейтін қиыншылықтары бар деп. Сондай-ақ қайталанып жасалған сараптамалар, қосымша жүргізілген жедел шаралар, жалған құжаттармен балық көрші облысқа шығарылғандығына байланысты аудиторлық тексерулер тағайындалды.
Осылайша 2020 жылдың қараша айында айыптау ісі сотқа жіберілді. Араға 7 ай салып, 2021 жылдың маусым айында сот өз шешімін шығарды: Жетісай ауданынан 44 және 42 жастағы ерлі-зайыпты мен 1970 жылы туған әйел 6 жылға және 1989 жылы туған ер азамат 7 жылға сотталды. Айтпақшы, сотталған ер адамдар ағайынды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Негізі әйелдерге қатысты бостандық олардың кәмелетке толмаған балаларының 14 жасқа толған кезінен бастап шектеулі болады. Ал браконьерлердің қылмыстық тобының қалған мүшелері ҚР ҚК-нің 65-бабына сәйкес келтірілген залалды өтеу және кінәні мойындауы, шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. — деп атап өтті аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, полиция майоры Алтынай Жолымбекова.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Танысының есепшотынан ақша жымқырған  бойжеткенді ұстады

Танысының есепшотынан ақша жымқырған бойжеткенді ұстады

Жұмысқа тұрғызамын деген желеумен 6 тұрғынды алдаған күдіктіні ұстады

Жұмысқа тұрғызамын деген желеумен 6 тұрғынды алдаған күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым