ҚР ІІМ-нің тапсырмасымен республика көлемінде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты — облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, республика аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау болып табылады.
Түркістан облысының полицейлерімен аталған іс-шараның 3 тәулігінде 566 шетелдік мен ҚР азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 402-сі шетелдік, 164-і ҚР азаматтары. Аталған құқық бұзушылардың 48-і ел аумағынан аластатылса, 38 шетелдік қабылдап-тарату бөліміне орналастырылған. Сондай-ақ, шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 133, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 31 Қазақстан Республикасының азаматы анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519 — баптарының талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершіліктері қаралды. Одан бөлек іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен алдын жасаған қылмыстар бойынша 2 тұлға құрықталған болса, заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 1 азаматқа қатысты ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мәселен Келес ауданында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін ҚР-дан кетпеуінен көрінген, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517-баптың 3-бөлігімен 12 шетел азаматына хаттама толтырылған. Ал анықтама не рұқсаттарды алмастан, ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асырған 3 азаматқа 517-бабы 5-бөлімімен шара көрілген. Заңсыз пәтер берген 1 жергілікті тұрғынға 518-баптың 2–бөлігімен, ал ҚР азаматы шетел азаматтарына рұқсат алмастан заңсыз жұмыс бергені үшін 1 азаматқа 519-баптың 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Кентау ҚПБ-ның қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабының 1-бөлігімен 9 жайт, 517-баптың 4-бөлігімен 3 жайт, 517-баптың 5-бөлігімен 5 жайт тіркеп, тиісті әкімшілік шара көрілген.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




