Қаратау АПБ-на «Шымсити» шағынауданының бірнеше тұрғындары арызданған. Олар арыздарында белгісіз тұлғалар автотұрақта тұрған автокөліктерінің терезелерін сындырып, ішіндегі құнды заттарды ұрлап отырғанын көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ Криминалды полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жайтына қатысы бар екі азамат анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтардың басқа да осыған ұқсас жайттарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі




