2021 жылдың 17 мамыр күнінен бастап, «Қару-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Оның негізгі мақсаты-тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау және сату жайттарын анықтау, атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу мен ашу, қарудың заңсыз айналымымен айналысатын адамдар мен қылмыстық топтарды, басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады.
Осы тұста Ордабасы АПБ-ның жеке құрам қызметкерлерімен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Ордабасы ауданының ауылдарының бірінде орналасқан жеке кәсіпкердің мал қорасынан 1 дана ойық ұңғылы қаруы табылып, айғақты зат ретінде алынды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, күдіктіні ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бас шарасы қолхатта — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Айта кететін жайт, 2021 жылдың сәуір айының 20-нан бастап, Республика көлемінде «Қару акциясы» өткізілуде. Аталған шара барысында Ордабасы ауданының 8 тұрғыны өз еркімен 9 дана заңсыз сақтаудағы тегіс ұңғылы аңшы қаруларын тапсырған.
Түркістан облысының полицейлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасының өз жалғасын табатынын ескертеді. Сонымен қатар, тіркелмеген қаруларыңыз болса полицияға тапсырыңыздар.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




